Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

S&P: Ұлттық банк осы жылы теңге бағамын қайта қарастыруы мүмкін

AstanaTV
10.02.2015ж. 20:00
760
S&P: Ұлттық банк осы жылы теңге бағамын қайта қарастыруы мүмкін

S&P агенттігі биыл Қазақстанның Ұлттық банкі бірқатар тәуекелдерге тап болады деген болжам жасады. Бұл жайында Kursiv.kz халықаралық рейтинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Сарапшылардың болжамына сай, Ұлттық банк әлемдегі экономикалық ахуалға байланысты 2015 жылы теңге бағамын қайта қарастыруы мүмкін. Бұл мұнайдың төмен бағасына бейімделу үшін жасалады. S&P, бүгінде теңге рубльге қарағанда 50 пайызға асыра бағалануда, деп отыр.

Айта өтейік, күні ертең отандық экономиканың ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары Үкіметтің кеңейтілген отырысында талқыланады. Жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етпек. Басқосуда сондай-ақ, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА