$458.87 €493.84 ₽6
×

Украинадағы ахуалдың әсерінен Еуропада газ тапшылығы орын алуы мүмкін

AstanaTV
10.02.2015ж. 20:00
761
Украинадағы ахуалдың әсерінен Еуропада газ тапшылығы орын алуы мүмкін

Украинадағы ахуалдың әсерінен Еуропада газ тапшылығы болуы мүмкін. Қазір мұнда газ қоры 50 пайыздан төмендеп кетті. Бұл Украинаға реверстік газ жеткізумен және «Газпромнан» сатып алатын газ көлемінің төмендеуімен байланысты. Жерасты қоймаларындағы газ қоры соңғы 10 жылда ең төменгі деңгейге жеткен. Бұл жөнінде «Интерфакс» хабарлады. Сарапшылар: «Еуропа не реверстен бас тартуы, не болмаса «Газпромға» тапсырыс көлемін ұлғайтуы тиіс», - деп отыр.

«Газпром» әзірге келісімшарттағы ең төменгі көлем бойынша Еуропаға газ жеткізуде. Бұл Украинаға реверстік тапсырыстар әкелу бойынша Еуропаның мүмкіндіктерін шектеу мақсатында жасалып отыр. Сарапшылар мынадай болжамды да келтіреді - «егер мұнай бағасы барреліне 70 долларға тұрақтаса,  екінші тоқсанда газдың мың текше метрі 250 долларға дейін арзандайды». Сондықтан импортшылар үнемдегісі келіп, жерасты қоймаларындағы ақысы төленіп қойған газды жағуда.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах