Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында онкология дерті өршіп тұр

AstanaTV
10.02.2015ж. 20:00
828
Алматы облысында онкология дерті өршіп тұр

Алматы облысында онкология дерті өршіп тұр. Қатерлі дертке шалдыққан әрбір екінші адам өмірден озады. Қазір облыстық онкологияға қарасты мемлекеттік мекемелерде 16 мың адам есепте тұр. «Ал жыл сайын осы сырқатқа шалдығып, ем-шаралар қабылдайтын ересектердің 50 пайыздан астамы дертінің асқынуына орай қайтыс болады»,- дейді дәрігерлер. Қатерлі ісік түрлерін емдеуге арналған диспансердің білікті дәрігерлері қазір ауылдар мен аудан орталықтарын аралап, үгіт-насихат шараларын жүргізіп жатыр. Облыстың Райымбек, Балқаш сияқты шалғай аудандарында скринингтік тексерулер басталды.

Бауыржан Иманбеков, Алматы облыстық аймақтық онкологиялық диспансерінің дәрігері: 

Біздің елімізде жалпы қазір онокология деген қорқыныш емес. Қаралып, уақытында ем-шара қабылдаса, 100 пайыз айығуға мүмкіншілік бар. 

Онкологиялық сырқатқа шалдығу жөнінен әйелдер арасындағы көрсеткіш басым. Сүт безінің қатерлі ісігі бойынша науқастанатындар саны соңғы жылдары өкпенің қатерлі ісігінен де асып кетті. Барлық аудан орталықтарында маммографиялық қондырғылар қойылған. Соған қарамастан, ел арасында аурудың алдын алу, ертерек.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ