Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Техникалық байқаудағы заңсыздықтар

AstanaTV
11.02.2015ж. 10:00
1427
Техникалық байқаудағы заңсыздықтар

Фотошоп көмегімен жасалған техтексеріс! Оңтүстік Қазақстан облысында автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудің 70 пайыздан астамы заңсыз жолмен жүзеге асқан. Техникалық тексеріс жасалған 29 мың темір тұлпардың 21 мыңының құжаты жалған болып шықты.

Мұны өңірдегі көліктік бақылау инспекциясы мамандары анықтады. Жауапты орын қызметкерлері құжаттардың заңсыздығына сараптамалық суреттер көмегімен көз жеткізген. Айтуларынша
«арнайы орталықтарда барлық жұмыс компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Ал оны алдау мүмкін емес», - дейді.

Ержан Қалымбетов, ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

Жалған дегендеріміз мынандай тормозной стенд, анадай яма, мына фарасы анық диокартада көрініп тұрады мына жерде. Ямасы көрінеді и тормозной стенд көрсетеді. Ал фото дегеніміз - базарларда, автотұрақтарда барып суретке түсіріп алады да. өзі фотошоп жасап  әкеледі, тормозной стендтің үстіне қоям дейді. Қояды. Бірақ артындағы көліктер қай жерде тұрғаны бәрі көрініп тұр.

Көліктік инспекция мамандары, жалған анықтамаларды көбіне көлігінің техникалық жағдайына сенімсіз жүргізушілер алады - дейді. Айта кетейік, аймақта 529 мың автокөлік тіркеуде тұр.

2014 жылдың соңында 247 мың көлік техникалық байқаудан өткен. Алайда тексеру нәтижесі олардың 80 пайызына жалған техникалық байқау құжаты тапсырылғанын анықтапты. Осындай олқылықтарға жол бермеу үшін сала жауаптылары таяуда арнайы рейдке шықпақ.

Көлік ақауына немқұрайлы қарағандарға айыппұл салынып, тіпті тізгіндеген тұлпары айыптұраққа әкетілуі де мүмкін. «Заңсыз құжат бергендер де жазадан тыс қалмайды», - дейді инспекция өкілдері.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ