Ресей
Федерациясының Мемлекеттік Думасы дәулеттілерге арналған салықты арттыру туралы
мәселені қайта қарамақ. «Российская газета» басылымы осындай ақпарат таратты.
Салық Кодексіне жұмыс істейтін ресейліктердің табысы төрт сатылы болып өзгеруі
мүмкін.
Ең көп салық табысы өте жоғары, яғни жылына 50 және 500 миллион
рубльден алатындарға салынбақ. Басылым: «құжат 18-ші
ақпанда қаралады»,-
деп жазғанымен, оның авторлары туралы жақ ашпаған.
«Жаңа
бастама, өте дәулеттілер мен өте кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартуға
мүмкіндік туғызбақ»,- деп атап өткен.
Депуттардың есебінше, Ресейдің 0,2 пайыз тұрғыны барлық табыстың 30 пайызын
иеленеді.
Салықтың біркелкі шкаласы, яғни табыстың мөлшеріне қарамастан барлық
қыметкерлердің бірдей мөлшерде салық төлеуі бұл елде 2001-ші жылы енгізілген
болатын.
Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ