$540.84 €634.46 ₽6.43
×

2015 жылы мұнай бағасы баррельіне 20 долларға дейін құлдырайды

AstanaTV
11.02.2015ж. 13:00
  2015 жылы мұнай бағасы баррельіне 20 долларға дейін құлдырайды

«WTI маркілі мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 20 долларға дейін түсуі мүмкін». Citigroup сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Яғни, қара алтын өндірісінің қарқыны кемімегендіктен баға құлдырауы жалғаса бермек.

Сарапшылар АҚШ-та мұнай өндірісі толық қуатында екенін айтады. «Ресейде, Бразилияда, Сауд Арабиясында және Иракта өндіріс бәсеңдеген жоқ», - дейді қаржы ұйымы сарапшылары.

Олар таяуда байқалған бағаның өсімі жалған шара екенін айтады. Ал, Халықаралық энергетика агенттігі жасаған болжамға сай, мұнайға деген сұраныс алдағы бес жылда 1,2 пайызды ғана құрайды. Жағдай тек 2020 жылға қарай оңалуы мүмкін.

Әлемдік Экономикалық бірлестік және даму ұйымы дамыған елдердің экономикасында тұралау байқалады деп дабыл қақты. Жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік теңсіздік орнайды деп алаңдаулы.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА