$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Алматыда доллар қалыпты деңгейде сатылып жатыр

AstanaTV
11.02.2015ж. 13:00
714
Алматыда доллар қалыпты деңгейде сатылып жатыр

Ал Алматыдағы валюта саудасымен айналысатын орындарда ешқандай қарбалас байқалмайды. Шаһардағы айырбастау тіректерін аралап шыққан тілшілеріміз бұған көз жеткізді. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, қазір шетелдік валюталардың ресми курсы төменгідей белгіленген.

АҚШ доллары -185 теңге, 5 тиын, Еуро құны - 209 теңге 2 тиын, Ресей рублі - 2 теңге 82 тиын. Еске салайық, өткен жылы тура осы күні, яғни 11 ақпанда елімізде теңге құнсызданып,155 теңгеден 185 теңгеге шарықтаған болатын.

Наталья, кассир:

Бізде барлық валюталардың түрлері дәл қазір сатылымда бар. Доллар, евро, рубль мен теңге де жетеді. Ешқандай алашапқын жоқ. Әдеттегі тәртіп бойынша жұмыс жасап отырмыз. Қысқасы алаңдауға бізде еш негіз жоқ.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах