$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Нұрсұлтан Назарбаев: Терең тыныс алып, долларды ұмытқан жөн

AstanaTV
29.01.2016ж. 20:00
1434
Нұрсұлтан Назарбаев: Терең тыныс алып, долларды ұмытқан жөн

«Терең тыныс алып, долларды ұмытқан жөн». Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарды осыған шақырды. Мұнан бөлек, девальвация болмағанда, қазақ экономикасының қандай күй кешетінін түсіндірді. Соңғы 17 жыл ішінде ел экономикасы 21 есеге өскен, 400-ден астам жаңа өнім түрлері шығарылып, 800-дей индустриялық жоба іске асыпты. Ал билік партиясының жаңа тұғырнамасы жаңа белестерді бағындыруды көздейді. Мөлдір Бақытқызы тарқатады. 

Құрылтайға кіріспе қазіргі экономикалық ахуалдан басталды. Президент, теңгенің бағамын нарық өзі реттемесе, Қазақстан қандай күйге түсетінін түсіндірді. Парламентпен келісіп, жасанды түрде бір долларды бір теңгеге бағалауға болады. Бірақ одан қазақтар байымайды. Керісінше, Ұлттық қор тақырланады. Экспорттаушы компаниялар табыстан қағылады. Олар басқарып отырған копаниялар жабылады. Тиісінше халық жұмыссыз қалады. Күнделікті тұтынатын тауарларды арзанға көршілерден таси бастаймыз. Қыл аяғы елде сауда-саттық жүрмейді. Қысқасы, экономика бәсекеге қабілетсіз болады, деді.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Давайте остановимся, глубокий вдох сделаем и забудем про доллар, мы живем на тенге в Казахстане, покупаем, рассчитываемся за тенге.

Президент съезге дейін Астанадағы базарларды аралағанын айтты. Қымбатшылық қыспаққа алды деп, байбалам салу - негізсіз, дейді. Азық-түліктің едәуір арзан екенін айта кетті. Базардағы бағаны да тізіп шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Говядина в прошлом году в Астане была 1270 тенге, сейчас - 1150 тенге, конина - 1600, сейчас 1400. Когда дилетанты говорят, не зная положения вещей, вот, идите, проверьте меня.

Ал қымбатшылықты қолдан жасайтындарды жөнге салу керек деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Строители тоже завышают цены. Почему квартиры у нас дорожают, стоимость дорожает - полная чепуха. Надо пресекать спекуляцию, все остальное от лукавого. Если мы проследим за тем, что производится в Казахстане - не может дорожать. То, что завозится, еще надо посмотреть.

Дағдарыс қысқан тұста ысырапшылдыққа жол жоқ. Президент күні кеше «ЭКСПО»-ны үнем режиміне көшірген Есімовті көпке үлгі етті. Қиын қыстау кезеңде экономикаға «Нұрлы жол» демеу болатын сияқты. Бағдарлама аясында 40 мың жұмыс орны ашылады. Былтыр «Нұрлы жолға» 770 млрд теңге бөлінген. Оның 93 пайызы игерілді. 500 шақырым тас жол салынып, жөнделді. 10 мың пәтер пайдалануға берілген. 50-ден аса емдеу мекемесі бой көтерді. Кәсіпкерлерді қолдауға 100 млрд жұмсалды. Партия төрағасы қарызды дер кезінде қайтаратын ауыл адамдарынан алдағы уақытта несиені аямау қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Нужно в рамках микрокредитования давать один-два миллиона, чтобы хозяйка могла посадить огород, купить корову или кур. Эти хозяйки берут и рассчитываются: возврат этих кредитов составляет 98%. Ни один банк не может похвалиться.

Президенттің шақыруымен Ақордаға жиі бас сұғатын ақсақал  Кенжеғали Сағадиев халыққа нан ғана емес, ән де керек деп есептейді.

Кенжеғали Сағадиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Немене әнші депутат болмайды ма? Неге болмайды? Әнші деген - мәдениет деген сөз. Халыққа тек қана нан керек емес, мәдениет те, ән де керек. Сондықтан оның бәрі дұрыс дүние.

«Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» деп аталатын сайлауалды тұғырнамада билік партиясы экономиканы сауықтыру жолдарын ұсынды. Тау-кен өнеркәсібі, оның ішінде түсті металлургия эскпортын 20 пайызға жеткізу, мұнай-газ өндірісін бәсекеге қабілетті ету, өндірісті жаңарту, тасымалдау жолдарын жеңілдету, энергетикаға инвестор тарту. 2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімділігі 1,5 есеге өседі. Оған қоса өнімдерді Қытай, Түркия мен Швейцарияға экспорттау мүмкіндігі тумақ. Алдағы 5 жылда ет импортын 55-тен 40-қа, сүтті 28-ден 25 пайызға азайту көзделген. 2018 жылы жанар-жағармаймен ішкі нарықты толық қамту жоспары бар. 2021 жылы Қазақстан жылына 92 млн тонна мұнай өндіретін болады. Қысқасы, басты мақсат - 100 нақты қадамды табысты іске асыру. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ