$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Нұрсұлтан Назарбаев: Ел бірлігі - Қазақстанның өсіп өркендеуінің, әрі жемісті дамуының басты нышаны

AstanaTV
11.02.2015ж. 20:00
2169
Нұрсұлтан Назарбаев: Ел бірлігі - Қазақстанның өсіп өркендеуінің, әрі жемісті дамуының басты нышаны

Ел бірлігі - Қазақстанның өсіп өркендеуінің, әрі жемісті дамуының басты нышаны. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Президент ұлтаралық келісім болмаса, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын нәтижелі іске асыру мүмкін еместігіне тоқталды. «Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның қабылданғанына 20 жыл толуымен ерекшеленеді. Қазақстанның шарықтап, өсіп өркендеуі үшін, халықтың бірлігі, өзара келісім мен татулық аса маңызды. Осы орайда қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көмек қолын созу - біздің басты міндетіміз», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ел бірлігі - ешқашан құны түспейтін, жыл өткен сайын маңызы артып, мәні толыға түсетін шексіз байлық. Осы байлықты еселеп, дамыта түсейік. Бірлігімізге бекем болып, татулықты ту, тыныштықты тұғыр етейік. Сонда ғана мерейіміз үстем болады. Осыны біз жасап келе жатырмыз тәуелсіздік жылдарында. Осыдан танбайық.

Жұрағат БАМАН