$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Жамбыл облысы тұрғынынан 100 келіден астам марихуана тәркіленді

AstanaTV
12.02.2015ж. 10:00
885
Жамбыл облысы тұрғынынан 100 келіден астам марихуана тәркіленді

Оңай олжа пайда әкелмеді. Жамбыл облысында 100 келіден астам марихуана алып бара жатқан Шу ауданының тұрғыны ұсталды. Күдіктіні Облыстық ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес бөлімінің мамандары, арнайы жедел алдын алу іс-шарасы кезіне құрықтаған.

Олардың дерегінше, 39 жастағы күдікті құрғақ, әрі әбден кептірілген есірткіні, өзінің басқаруындағы «Мазда» маркалы жеңіл көлігіне жасырған. Темір тұлпарды тексеру барысында тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 101 келі, 880 грамды құраған.

Тәртіп сақшылары «Бұл биылғы жыл басынан бері тәркіленген ең ірі көлемдегі есірткі партиясы» дейді. Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Тексеру барысында 1976 жылғы Ж. есімді күдіктінің бұрын сотты болмағаны, осы ауданның жергілікті тұрғыны екендігі анықталды. Шу аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 297 бабы, 3 бөлімі 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ