Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Депутат Ертаев қайтыс болған подполковниктің ісіне қатысты пікір білдірді

AstanaTV
12.02.2015ж. 10:00
1507
 Депутат Ертаев қайтыс болған подполковниктің ісіне қатысты пікір білдірді

Әскери-қайраткер, генерал-лейтенат, мәжілісмен Бақытжан Ертаев, қайғылы жағдайда көз жұмған Қорғаныс министрлігінің подполковнигі Арман Сыздықовтың оқиғасына қатысты арнамызға пікірін білдірді.

«Егер әскери адам өз-өзіне қол салған болса, мен оны айыптаймын»,- дейді ол. Еске салсақ, 10-шы ақпан күні Астанадағы Достық көшесі бойында Қорғаныс министрлігі ғимаратының дәл жанында, жеңіл көлік жарылған болатын.

Салдарынан көлік ішінде болған Қорғаныс министрлігінің подполковнигі Арман Сыздықов оқиға орнында көз жұмды. Жарылыстың нақты себебі анықталған жоқ. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылды.

Із кесуші топ
«бұл теракт болуы мүмкін» деген болжамды бірден жоққа шығарды. Ресми хабарламада оқиға орнынан хат табылғаны жазылған еді. Кешкісін, ғаламтор беттерінде Арман Сыздықов жазған соңғы хат болуы мүмкін, делінген құжат жарияланды.

Жазбада ол
«бұдан былай қорлыққа шыдай алмайтынын» айтыпты-мыс.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Отан алдында ант алған адам, ол ер адам. Әскери адам Отан үшін жанын беру керек. Мұндай істен өзін сақтау керек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА