Шығыс Қазақстан
облысында төтенше жағдай жарияланды. Тұман мен көктайғақ салдарынан мұнда
республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Қазір Өскемен қаласында
күн күрт жылынып, сынап бағаныс + 7 градусты көрсетуде.
Оған қоса, жаңбыр да толастар емес. Гидролог мамандар
Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілгенін байқап отыр. Семей қаласында көктайғақ
салдарынан мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ кейінге шегерілді.
Қазселденқорғау
қызметкерлері таулы аймақтарды бақылауға алды. Бүгін бірден үш аумақта қар көшкінінен
алдын-ала қорғау жұмыстары қолға алынған.
Евгений Шатурный, Облыстық ТЖД ақпаратты-сараптамалық бөлімінің басшысы:
Таудан қар көшкіні
жүре ме деп сескенеміз. Әлбетте, тас жолдардағы жағдай да алаңдатып отыр. Көктайғақ
байқалып, бұрқасын көтерілуде. Сол себепті жолдарды жабу керек деген ұйғарымға
келдік. Құтқарушылар мен коммуналдық қызмет өкілдері күшейтілген жұмыс тәртібіне
көшіп, күні-түні кезекшілік жасауда.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА