$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еуроодақ саммитінде терроризмге қарсы күрес туралы қаулы қабылданды

AstanaTV
13.02.2015ж. 13:00
1308
Еуроодақ саммитінде терроризмге қарсы күрес туралы қаулы қабылданды

Еуропалық одақ елдері басшыларының бейресми саммитінде лаңкестікке қарсы күрес туралы қаулы қабылданды. Бұл париждік «Шарли Эбдо» апталығына жасалған шабуылдан кейін қабылданған шешім.

Еуропа лидерлері терроризмнің алдын алу, сондай-ақ радикалдар қатарында соғысып жүрген еуропалықтар мәселесін қарады. Еуропалық парламентке Шенген аумағына енген жолаушыларды түгелдей тіркеу туралы заң шығару тапсырылды.

Сондай ақ, Шенген келісіміне сай шекаралас елдердің құқық қорғау органдары өзара ақпарат алмасу туралы уағдаласты. Екіншіден интернет арқылы таралатын діни уағыздар қатаң бақылауға алынбақ.

Сәуірде Еуропалық комиссия терроризмге қарсы ұсыныстарды топтастырып, таныстырады. Бұл мәселе маусымда өтетін Еуроодақ саммитінде де қаралады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА