Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Азаматтық процессуалдық кодекстің жаңа жобасы жасалмақ

AstanaTV
13.02.2015ж. 13:00
2441
Азаматтық процессуалдық кодекстің жаңа жобасы жасалмақ

«Билер сотының» ізімен. Елімізде осы тәжірибені басшылыққа ала отырып, Азаматтық процессуалдық кодекстің жаңа жобасы жасалмақ. Бұл туралы Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.

Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, қолданыстағы Кодекс заман талабына сай келмейді. Керісінше, қоғамда көп даулардың туындауына себеп болған. Бас Прокуратураның мәліметінше, 2014 жылы сотқа 750 мыңдай азаматтық тәртіптегі арыздар түскен.

Бас Прокурордың орынбасары
«сот процестері көбейген сайын соттар шешімді тез қабылдауға тырысады. Осылайша, адамдардың тағдыры аса еленбей қалады», - деген пікірде.

Жақып Асанов, ҚР Бас Прокурорының Орынбасары:

Ал қолданыстағы ГПК бойынша процеске дейін екі жақты жүздестіруге, оларды бітімге шақыруға сот міндетті емес. Соттың мақсаты қалайда істі тез қарап, тез шешім шығару. Яғни, дауларды ушықтырып жүрген қазіргі ГПК-ның өзі. Сондықтан халқымыздан қалған бай тәжірибені, жүздеген жылдар бойы дұрыстығын дәлелдеген идеяларды заңнамамызға енгізу өте орынды деп есептеймін.

Азаматтық-процессуалдық кодексті талқылауға сот, прокуратура өкілдері мен қорғаушылардан бөлек үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Тәуелсіз сарапшылар кодекстің жаңа жобасын зерттеп, анықталған кемшіліктерді депутаттарға ұсынды.

Қоғамдық ұйым мүшелері азаматтар құқығының қорғалуын, соттағы тараптардың теңдігінің сақталуын талап етуде. Сонымен қатар, сот процестеріне прокурорлардың қатысуын азайтуды қалайды.

Айнаш Орманбаева, «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының перзиденті:

Прокуратураның рөлі қарастырылуда. Өйткені, мемлекет азаматтық іс жүргізу істеріне тым көп араласпауы тиіс. Өйткені, мұнда жеке субъекттер өзара өз дауларын шешкенде, мемлекет оған тым көп араласпауы тиіс. Оның да шегі бар.

Берік ХАСЕНОВ