Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Норманд төрттігі» жетекшілері 16 ақпанда тағы кездеседі

AstanaTV
16.02.2015ж. 13:00
1076
 «Норманд төрттігі»  жетекшілері 16 ақпанда тағы кездеседі

«Норманд төрттігі» жетекшілері Донбаста оқ атуды доғару туралы ортақ шешімге тараптар мүлтіксіз бағынуы керектігін тағы міндеттеді. Бұл туралы Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд және Петр Порошенко телефон ақылы пысықтағанын Кремльдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай
- ақ, лидерлер Дебальцова ауданында қалыптасқан қиын жағдайды бақылауға алу керегін және тыныштықты сақтаудағы ОБСЕ-ның рөлін талқылады. Донбаста оқ атуды доғару туралы келісім жексенбі күні түнде күшіне енді.

Мемлекет басшылары
«норманд форматында» келіссөзді 16-ақпанда жалғастыруға келісті. Еске салайық, 12-ақпанда Минскіде тараптар бейбіт келісімге келген. Айта кетейік, осы бастамасы үшін неміс депутаттары Ангела Меркелді Нобель сыйлығына ұсынбақ.

Мөлдір ДЮСЕКИНА