$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ауған соғысы ардагерлері қаруластарын еске алды

AstanaTV
16.02.2015ж. 13:00
2205
Ауған соғысы ардагерлері қаруластарын еске алды

Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 26 жыл толды. Кеңес-Ауған соғысының бірнеше мыңдаған ардагері бұл күнді қаралы күн ретінде, еске алу шараларымен атап өтеді. Алматыда осыдан 10 жыл бұрын интернациналист жауынгерлер құрметіне ескерткіш орнатылған болатын.

Қаруластар осы демалыс күндері сол естелік белгінің басына барып, кезекті еске алу шарасына қатысты. Алматы қаласының әкімдігімен бірігіп өткізілген жиынға, еліміздің әр аймағынан
Ауған соғысының ардагерлері келді.

Бұл соғысқа 20 мыңнан астам қазақстандық қатысып, олардың ішінде 900-дей отандасымыз, майдан даласынан оралмады. Ал 21 жауынгер әлі күнге дейін белгісіз кеткендер санатында.

Рүстем Қайдаров, ҚР Генералдар кеңесінің төрағасы:

Қазір Алматының өзінде мыңға жуық Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалыпты. Ал одан кейін ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін осы ауған соғысы ардагерлері. Өздеріңіз білесіздер, 23 500 қазақстандық соғысқа барып, олардың мыңға таяу азаматтар  сол жақта опат болды. Бұл үлкен қасірет.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ