Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Барыс» командасы кезекті үш ұпайға қол жеткізді

AstanaTV
16.02.2015ж. 13:00
1076
«Барыс» командасы кезекті үш ұпайға қол жеткізді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Хабаровск қаласының «Амур» клубына қонаққа барған Андрей Назаровтың шәкірттері табандылықтың арқасында жеңіске жетті. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы 40 минут қортындысы бойынша командалар бірін-бірі ала-алмай, 3-3 есебімен тең түсті.

Қазақстандық ұжым сапында Дастин Бойд, Брэндон Боченски және Талғат Жайлауов мергендігімен көзге түсті. Дегенмен, кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда жұдырықтай жұмылған
«Барыс» хоккейшілері қарсыластың қақпасына тағы екі шайба соқты.

Бұл сәттерде Найджэл Доус пен Брэндон Боченски әріптестерінің пасын голға ұластырып, команда қоржынына үш ұпайды салып берді. Бұл жетістігінен кейін
«Барыс» турнир кестесінің 6-шы сатысына көтерілді.

Бүгін екі команда өзара қарымта кездесу өткізеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ