Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Данияда террористке көмектесті деп айыпталған 2 азаматқа жаза кесілді

AstanaTV
17.02.2015ж. 10:00
788
Данияда террористке көмектесті деп айыпталған 2 азаматқа жаза кесілді

Даниядағы шабуылды жасаған террористке көмектесті деп айыпталған 2 азаматқа қатысты жаза кесілді. Бұл жөнінде The Financial Times хабарлады. Олар:«адам өліміне қатысты лаңкеспен сыбайлас болды»,- деп айыпталуда.

Полицейлердің айтуынша, Омар Абдель Хамит әл-Хусейнге қаруларды дәл осы азаматтар тауып берген. Белгілі болғандай күдіктілердің бірі өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Айта кетейік, 14-ақпан күні Дания астанасында ер адам - сөз еркіндігіне қатысты пікірталас өтіп жатқан «Крудтенден» кафесіне оқ атқан.

Салдарынан 1 адам қайтыс болып, 3 полицей жараланды. Одан кейін террорист тағы да шабуыл жасап, 1 адамды атып өлтірді. Екі полицей жарақаттанды. Сол күні түнде полицейлер - шабуылшыны Нерребро теміржол станциясында атып тастады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА