$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Теміртауда медициналық колледжі студенттерінің улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
17.02.2015ж. 13:00
1581
Теміртауда медициналық колледжі студенттерінің улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда медициналық колледжі  студенттерінің екпеден улануы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Қарағанды облыстық ІІД-нің өкілдері айтты.

Б
ақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

Қылмыстық кодекстің 317 бабының 1- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, 11-ақпанда Теміртаудағы медициналық колледждің 178 студентіне қызылшаға қарсы екпе салынған. Шәкірттердің он сегізі кенет өздерін нашар сезініп, ауруханаға жеткізілген болатын.

Біреуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Әйтсе де, дәрігерлер алынған дәрінің қауіпсіз екенін сол күні мәлімдеген еді. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, Үндінің осы өнімінің 65 мың дозасы сатып алынғанын хабарлады.

Қызылша ауруына қарсы екпеден кейін аураханаға түскен 18 студентке байланысты, қылмыстық істі Теміртау қалалық ІІБ-ның полицейлері қарап жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің 317-інші бабы, яғни «Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы» бойынша қозғалған.

Айжан ҚУАШ