$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Елімізде қолма-қол ақша айналымына 2016 жылдан бастап тыйым салынуы мүмкін

AstanaTV
17.04.2015ж. 10:00
1195
Елімізде қолма-қол ақша айналымына 2016 жылдан бастап тыйым салынуы мүмкін

Елімізде POS-терминалдар орнатып, сауда-саттықты тек төлем карталарымен жүргізу мәселесі үш жылдан бері шешілмей тұр. Яғни  қолма-қол ақша айналымынан арыла алмай келеміз. Бұл өз кезегінде «көлеңкелі экономикаға» қолайлы жағдай жасап отыр, - дейді депутат Гүлжан Қарақұсова.

Мәжілісте қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру мәселесін қараған дөңгелек үстелге жиналғандар электронды төлемдерге жаппай көшудің тетіктерін іздеді. Қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерге қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге тыйым салынған. Бірақ бұл норманы кейінге қалдыруға тура келді. Өйткені бизнес те, банктер де POS-терминалдарды жаппай орнатуға дайын емес. Заңды және жеке тұлғалар үшін де қолма-қол ақша айналымына 2012 жылы қабылданған заң тыйым салған.

Алайда аталмыш норма 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді. POS-терминалдардың басты проблемасы - олардың комиссиясының жоғарылығында. Қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз есептің комиссиясын төмендетіп,  төлем карталарынан қолма-қол ақша шешіп алғаны үшін комиссия пайызын арттыруды ұсынады.

Серік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл өте ыңғайлы зат қой. Мысалы карточкамен адам, тұтынушы төлегенде, одан ешқандай комиссия, дым алынбайды. Алынатын жер сол сатушы адамнан. Сол жағдайды да біз қараймыз ба деп отырмыз.

Қандай комиссия, неден шығады. Қалай оны төмендетуге жағдай бар. Терминалдың бағасын қалай азайтамыз. Пайыз енді төлегенде 3 пайызға дейін жетеді екен. Былай пайдаланғанда 2,5 пайызға дейін бар екен. Оны азайту жағдайларын сұраймыз, қараймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ