Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда жаңадан метро бекеттері ашылды

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
1077
Алматыда жаңадан метро бекеттері ашылды

Алматыда метроның «Мәскеу» және «Сайран» деп аталатын екі бекеті пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Бекеттің алғашқы жолаушысы болып, жаңа станцияның жұмысын Елбасы өзі тексеріп көрді. Берген бағасы да жоғары. Жаңа станциялар Абай даңғылы бойында салынған. Тарихи сәтке жергілікті тұрғындар да куә болды. Әр станцияда 2 лифт пен 8 эскалатор жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазіргі кезде Алматы жерасты көлігінің ұзындығы 8,56 шақырым, «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылуымен оның ұзындығы тағы да 2,74 шақырымға артты. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 2018 жылға дейін «Сарыарқа» және «Достық» станциялары салынып, метро жолы Яссауи көшесіне дейін жалғаспақ.

Айта кетейік, құрылысы 1988 жылы басталған Алматы метросының бірінші желісінің алғашқы кезегінің жеті бекеті 2011 жылы желтоқсанның 1-і күні пайдалануға берілген еді.

Берік ХАСЕНОВ 




Алдыңғы жаңалық