$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Мәжіліс депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевтан сайлау күнін белгілеуді сұрады

AstanaTV
18.02.2015ж. 13:00
876
Мәжіліс депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевтан сайлау күнін белгілеуді сұрады

Парламент Мәжілісі депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевтан мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу бастамасын қолдауды және сайлау өтетін күнді белгілеуді сұрап үндеу жолдады.

«Елбасына сенім білдіру мандаты әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, топтастыра түседі. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу, еліміздің одан әрі қарышты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттырудың кепілдігі болып табылатындығына сенімдіміз», делінген Үндеуде.

Жиын барысында осы мәселеге қатысты сөз сөйлеген депутаттардың барлығы, кезектен тыс президент сайлауын өткiзу туралы бастамаға қолдау білдірді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ





orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах