Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ғалымдар: «биылдан қалдырмай Президент сайлауын өткізген дұрыс», - деп есептейді

AstanaTV
18.02.2015ж. 13:00
700
Ғалымдар: «биылдан қалдырмай Президент сайлауын өткізген дұрыс», - деп есептейді

Қазақстанда биылдан қалдырмай кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қатысты ұсынысқа бүгін ғалымдар да үн қатты. Қазақстан Ғылым академиясының Президиум мүшелері Алматыда арнайы брифинг өткізді.

Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Конституцияға сәйкес келесі жылы екі бірдей сайлау өткізу мүмкін емес екенін алға тартады. Сондықтан
, биыл елдегі саяси әрі экономикалық тұрақтылықты пайдаланып, Президент сайлауын өткізуді дұрыс - деп есептейді.

«Сайлау  - Елбасы арнайы жарлыққа қол қойған соң үш ай ішінде өткізілуі керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының ілгерідегі ұсынысын еліміздің ғалымдары бірауыздан қолдап отыр», - деді академик.

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті, академик:

Заң бойынша 2016 жылы Президент және Парламент сайлауы өтуі керек болатын. Конституциялық заң бойынша бір жылда осындай екі мемлекеттік дәрежедегі сайлау өткізу заңға қайшы. Сондықтан биыл я парламент, я Президенттік сайлауды өткізу керек. Президент сайлауы мемлекет тағдыры үшін маңызды, сондықтан Президентті биыл сайлап алу керек.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ




 

Алдыңғы жаңалық