$455 €492.13 ₽5.94
×

Елбасы РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады

AstanaTV
18.02.2015ж. 20:00
760
Елбасы РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевты қабылдады. Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойыншы, кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтық жайы талқыланған. Сонымен қатар күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер де сөз болды. Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді де тараптар айналып өтпеді.

Айта өтейік, Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы жоспарлы консультацияға қатысуға келді. 

Николай Патрушев, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы: 

Біз қауіпсіздікке байланысты бірқатар сұрақтарды көтердік. Украинадағы жағдай да сөз болды. Біз Украинада бейбіт күн орнап, ел территориялық тұтастығын сақтап қалады деген сенімдеміз. Минскте қол жеткізілген келіссөздер орындалғанын қалаймыз.  


 
orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах