$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматы қаласының мәйітханасы қызметін тоқтатты

AstanaTV
19.02.2015ж. 13:00
1584
Алматы қаласының мәйітханасы қызметін тоқтатты

Алматыда мәйіттерді сақтайтын жер табу қиынға соғуы мүмкін. Өйткені, қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот мәйітхананың қызметін тоқтату туралы шешім шығарды. Енді екі миллионға жуық тұрғыны бар мегаполисте үлкен проблема туындауы мүмкін.

Себебі, қалада марқұмдардың мәйіттерін қабылдайтын басқа бірде-бір орын жоқ. Оған қоса, Заң талабына сай қылмыс кезінде қайтыс болғандардан бөлек, өз ажалымен қаза болғандарды да сот медициналық сараптамасыз жерлеуге болмайды.

Одан бөлек, сот медициналық сараптама орталығының қызметінсіз Алматы қаласындағы Ішкі істер департаментінің қызметі тұралап қалуы мүмкін. Қылмыстан зардап шеккен адамдар да өзінің жапа шеккенін дәлелдей алмайды,- дейді мекеме басшылығы.

Тахир Халимназаров, Сот медицина орталығының Алматы филиалы директорының орынбасары:

Бұл бүкіл қала бойынша келіп түсетін мәйіттерге сараптама жүргізудің тоқтатылуына әкеліп соғады. Ал, күнде келетін мәйіттердің саны 10-15-тен асуы мүмкін. Қайтыс болғандардан бөлек бізге түрлі қылмысқа қатысты күдіктілерді куәландыруға алып келеді, олардың саны күнде алпыстан асады. Бұл қалада нағыз коллапсты тудырады. Бұл халық наразылғын туғызуы мүмкін.

Сот медицина орталығы басшысының айтуынша, қаладағы жалғыз мәйітхана Алматы қаласы мен Алматы облысының 7 ауданына қызмет көрсетіп келген. Сот медицина орталығын жабу туралы шағымды Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы берген.

Тиісті тексеруден кейін ғимараттың санитарлық талаптарға сай емес екені анықталған. Ғимараттың сырты адам көргісіз, ал жұқпалы аурулардан қайтыс болған адамдарға арналған арнайы бөлме жоқ екенін белгілі болған. Оған қоса мәйіттерден аққан қанды қалалық кәрізге заласыздандырмай құйған, - деген қорытынды жасаған.

Қуандық Ешмет, Алматы қалалық соттың баспасөз хатшысы:

Алматы қаласынынң мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Сот медициналық орталығы Алматы қалалық филиалының жұмысы халықтық санитарлық сауаттылық саласында заңнаманы өте ауыр бұзылғаны анықталды. Заңнамалық кемшіліктер толықтай қалыпқа келтірілмейінше қызметі толықтай тоқтатылды.

Берік ХАСЕНОВ





 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық