$462.36 €493.48 ₽5.99
×

«Заксенхаузен» концлагерь тұтқындарын азат етудің 70 жылдығы

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
683
«Заксенхаузен»  концлагерь тұтқындарын азат етудің 70 жылдығы

Германияның Ораниенбург қаласында, «Заксенхаузен» Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын азат етудің 70 жылдығы аталып өтілді. Азалы жиынға мыңдаған адам қатысты. Олардың қатарында аман қалған тұтқындар мен олардың туған-туыстары, саясаткерлер де бар.

Германия Сыртқы Істер министрі Франк-вальтер Штайнмайер Германияның әлемде орын алып жатқан  қақтығыстардағы жауапкершілігіне тоқталды. Тарихқа көз салсақ, 1936-1945 жылдар аралығында Заксенхаузен концлагеріне 200 мыңнан астам адам тұтқынға түскен. Олардың 100 мыңнан астамы түрлі себептерге байланысты жазым болыпты. Лагерь Берлиндегі Олимпиада ойындарынан кейін 1936 жылы құрылып, 45 жылдың сәуірінде кеңес армиясымен бұзылды.

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Сыртқы Істер министрі:

Сіздер зұлым тарихтың бүгінгі куәгерлерісіздер. Зұлмат күндерді жадыларыңызда сақтау қаншылықты қиын екенін түсінеміз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА 




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах