Ұлттық нейрохирургия орталығы
ашылғалы бері жыл сайын 2600-дей ота жасалған, оның жартысында соңғы
медициналық жетістіктер пайдаланылған. Бұл
туралы медициналық орталық төрағасы Серік Ақшолақов айтты.
Соңғы 10 жылда 50
шақты ірі денсаулық нысандары салынды. Ұлттық орталықтар заманауи
қондырғылармен жабдықталған. Біздің елдегі медицина деңгейі көрші елдермен
салыстырғанда көш ілгері, - дейді Ақшолақов. Ал «Нұр Отан» партиясының сьезінде президент тоқталған «Денсаулық 2016-2019» бағдарламасы қолжетімді әрі сапалы
медицинаны одан әрі дамытуға сеп болады дейді.
Серік Ақшолақов, Ұлттық
нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:
Осы орталықтар ашылмай тұрғанда, біздің науқастар шет елге кетуге мәжбүр болатын. Оған да қолы жеткендер баратын
еді. Бүгінде біз оларға тегін үлкен
көмек көрсетеміз. Бұл алдыға қойған үлкен мақсатымыз, 30 дамыған елдің қатарына
кіруге денсаулық сақтау саласының қосқан үлесі.
Ал сенатор Нұрлан Оразалин: «Олигархтардың
ақшасын ел экономикасын дамытуға тарту туралы президенттің айтқаны көптің
көкейінде жүрген мәселе», - дейді.
Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті
сенатының депутаты:
Үлкен қаржы қиындығына қарап
отырған кезде, өз отаныңызға сізді бай жасаған, бағлан жасаған, сізге
тіршілігіңізге қалыптасуға себеп болған
елге қол ұшын созатын кез келді. Оның
жалғыз жолы - заңдастырып отырып, қаржыңызды халықтың мұқтажына қажетіне жарату
деп ашып айтты тағы да.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ