Діни наным-сенімге байланысты екпеден бас тартқандарды жазалау
керек, немесе кейбір екпе түрлері міндетті түрде бекітілсін. Бүгін Сенаттың
жалпы отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов жауапты министрлікке осындай
ұсыныс білдірді. «Өйткені, - дейді сенатор, -
елімізде діни наным-сенімге байланысты баласына екпе салғызбайтын ата-ана
көбейіп кетті».
Ол бала-бақша, мектептегі
өзге ата-аналардың бұған алаңдайтынын жеткізді. «Екпесіз балаға еш жерде шектеу
жоқ. Көпшілік орындарда індеттен сақтанбағандар қауіп туғызып отыр», - деген пікірде. Сондықтан депутат заңға жазалау немесе
міндеттеу тетіктерін енгізуді ұсынды.
Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
2013 жылы 3940 адам екпеден бас тартса, оның 1709 немесе 53 пайызы
осы діни себеппен бас тартқан. Ал 2014 жылдың 6 айында мұндай себеппен бас
тарту 2040 - 70 пайызға дейін артып отыр.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ