Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті

AstanaTV
19.02.2015ж. 20:00
1950
«Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен келген 500-ге жуық имам, Ғұламалар кеңесінің мүшелері және елімізге танымал дінтанушылар қатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушыларға құттықтау жолдады. Оны жиналғандар назарына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев ұсынды. Президент өз хатында «Осы форум отандық мүфтият қызметіне тың серпіліс беріп, дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешудегі имамдардың рөлін арттыруға себін тигізеді» деген сенімін білдірген. Сондай-ақ, Елбасы имамдарды - діни тұрақтылықты нығайту, жастарды дін атын жамылған теріс ағымдар ықпалынан сақтау жолында табанды жұмыс жүргізуге үндеді.

Форум қорытындысы бойынша, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Діни басқарма қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар қабылданды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ