Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Велоспорттан «Оман» турының екінші кезеңі аяқталды

AstanaTV
19.02.2015ж. 20:00
724
Велоспорттан «Оман» турының екінші кезеңі аяқталды

Велоспорттан «Оман» туры жалғасуда. Екінші кезеңде командалар 195 шақырымнан тұратын жолды бағындырды. Бұл сында қарсыластарының алдын орап кеткен швейцариялық Фабиан Канчелара жеңіске жетті. Бұл қашықтықты «Трэк» клубының өкілі 1 сағат 36 минутта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен «Мовистар» командасының өкілі Алехандро Вальвердо екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны «БМС» клубының спортшысы бельгиялық Грег Ван Авермат еншіледі.

«Астана» командасының спортшысы Андрей Гривко сәл уақыт жолғалтып, межелі жерге 9-шы болып жетті. Қазақстандық команданың қалған спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады. Жалпы есепте көш басшы ауысты. Бұған дейін қызыл жейдені иеленген «Астана» командасының спортшысы Андреа Гуардини бұл сында 8 минут ұтылып, 97-ші орынға ығысты. Ал жалпы есептің көш басына Фабиан Канчелара шықты. «Астана» клубының спортшылары Андрей Гривко, Якоб Фульсанг және команда капитаны Винченцо Нибали алғашқы отыз мықтының қатарында.



Футболдан чемпиондар лигасының «Плей-офф» ойындары жалғасуда. 1/8 финалдың алғашқы ойында Германияның «Шальке» командасына қонаққа барған Мадридтің «Реал» клубы 2-0 есебімен басым түсті.

Карло Анчелотти, «Реал» клубының бас бапкері:

Ойын нәтижесіне көңілім толады. Кездесу біз үшін ауыр болды деп айта алмаймын. «Шальке» негізінен қорғаныста өнер көрсетті. Ал біз болсақ, еркін шабуылдауға мүмкіндік алып, екі доп айырмашылығымен жеңіске жеттік.

Келесі ойында «Базель» және «Порто» командалары кездесіп, 1-1 есебімен тең түсті.

Самат ҚАНАҒАТОВ