Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Досаев: «Республикалық бюджет шығыстары 610 млрд теңгеге қысқарады»

AstanaTV
20.02.2015ж. 10:00
660
Досаев: «Республикалық бюджет шығыстары 610 млрд теңгеге қысқарады»

2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 610 млрд теңгеге қысқарады. Осылайша ел қазынасының шығыстары 2015 жылы тұтастай алғанда, 7 триллион 244 млрд теңгеге болжанып отыр.

Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. «Бас экономист» Мәжілісте: ««2015-17 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Жаңа құжатта импорт пен ІЖӨ бойынша болжамның төмендегенi ескерілген. Министр Досаев 2015 жылы  Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт мөлшерi 1 трлн 702 млрд теңге деңгейiнде сақталатынын қоса кетті.

Ал ел экономикасы үшін маңызды экспорт-импорт мөлшері айтарлықтай азаймақ,-деді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Ұлттық банктің болжамы бойынша, экспорт 2015 жылы 43 млрд доллардан астам қаржыға яғни, 44 пайызға төмендейді. Импорт көлемі 34 млрдтан астам АҚШ долларына, немесе 21 пайызға төмендейді. Инфляция бұрынғыдай 6-8 пайыз дейгейінде сақталады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА



  

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық