$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ресейде тұтынушылар тауары бағасының ең жоғарғы өсімі наурызда байқалмақ

AstanaTV
20.02.2015ж. 10:00
1375
Ресейде тұтынушылар тауары бағасының ең жоғарғы өсімі наурызда байқалмақ

Ресейліктердің төрттен бір бөлігі кейбір тауар түрлерінен бас тартуға мәжбүр болған. Тұрғындардың тағы 20 пайызы арзан тауарларды тұтынуда. Бұл туралы ресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының әлеуметтік сауалнама жүргізуі барысында белгілі болған.

Ақпар бойынша, соңғы жарты жылда елде тауар және қызмет құны өскен. Жұртшылық қажетті азық-түлік тауарларын молынан сатып алуда. Сауалнама нәтижесінде, тұрғындардың 33 пайызы көкөніс пен жемісті өздері өсіретіні анықталған.

Ет, қант және жеміс бағасының өскенін сұхбат берушілердің 90 пайызы растаған. Ресей Экономикалық даму министрлігінің ресми болжамынша, жыл қорытындысында инфляция көлемі 12 пайызды құрайды.

Ведомство басшысы Алексей Улюкаевтың айтуынша, тұтынушылар тауары бағасының ең жоғарғы өсімі алдағы наурызда байқалады.

Жұрағат БАМАН