Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Протон-М» зымыран-тасушы ракетасының екінші ұшырылымы 19 наурызға жоспарланып отыр

AstanaTV
20.02.2015ж. 10:00
1015
«Протон-М» зымыран-тасушы ракетасының екінші ұшырылымы 19 наурызға жоспарланып отыр

«Протон-М» зымыран-тасушы ракетасының биылға жоспарланған екінші ұшырылымы 19 наурызға белгіленіп отыр. Бұл туралы ресми ақпаратты «Роскосмос» жариялады.

Еске салсақ, Байқоңыр ғарыш айлағынан биылғы алғашқы «Протон» қаңтар айында ұшырылған. Оның бортында британиялық телекоммуникациялық «Inmarsat» құрылғысы болған. Ал 19 наурызда ұшырылатын зымыран-тасығыш «Протон» ракетасы бортында «EADS Astrium» компаниясы құрастырған ресейлік «Экспресс-АМорбиталдық жер серігі орналастырылады.

Үздік телефон желісін тарататын аппарат ұшырылымы Байқоңырда өткізілмек. Айта кетейік, 2015 жылы Байқоңыр ғарыш айлағында 25 ұшырылым жүзеге асады,- деп жоспарланған. Оның 11-і «Протон М» зымыран тасығышы.

Жұрағат БАМАН