$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шымкентте туберкулезге қарсы диспансер жабылуы мүмкін

AstanaTV
20.02.2015ж. 10:00
1193
  Шымкентте туберкулезге қарсы диспансер жабылуы мүмкін

Шымкентте облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жұмысы сот шешімімен уақытша тоқтатылды. Аурухана аумағына тексеру жүргізген Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандары 19 өрескел олқылықты анықтады.

Құрт ауруының ашық түрімен ауыратындар өзге сырқаттармен бір жерде серуендейді. Талап бойынша серуен орындары оқшаулануы тиіс. Тіпті, құрт ауруымен ауыратындар қолданған қалдық сулар қаланың орталық кәріз жүйесіне тікелей ағызылып келген, - дейді аталған басқарма өкілдері.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының өкілі:

Санитарлық талап бойынша сарқынды сулар залалсыздандырылуы керек еді. Септиктің өзінде ақаулар болған. Және кіре беріс жерлерінде жері ойылған. Яғни, топырақтың ластануы анықталған. Сонымен қатар бір палатада  БК+; БК - науқастар бірге жатқан.

««Аурухана қоршауының биіктігі 2,5 метрден кем болмауы тиіс» деген талаптар та сақталмаған», - дейді мамандар. Осының салдарынан емделушілер көпшілік ортаға емін-еркін шығып жүре беретінін көрінеді.

Осындай олқылықтары үшін өкпе -құрт аурулары диспансеріне мың теңге айыппұл салынды. Алайда аурухана басшылығы мұнымен келіспейді. «Шайынды суларды залалсыздандырып барып орталық кәрізге құямыз», - дегенді айтады. Бас дәрігер өкпе-құрт ауруымен ауыратындардың көпшілік орында жүруін де жоққа шығарып отыр.

Полат Бердалиев, ОҚО Туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері:

Кемшіліктер мүмкіншілігінше жойылды. Ал енді қаржы талап ететін сұрақтарға байланысты соттан бізге тоғыз ай көлемінде соттың шешімін тоқтата тұру сұраныс болып жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ