Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Күкірт қышқылы тиелген үш вагон аударылды

AstanaTV
20.02.2015ж. 13:00
1353
 Күкірт қышқылы тиелген үш вагон аударылды

Күкірт қышқылы тиелген вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты Таразда жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды. Күкірт қышқылы тиелген үш вагон кеше түс ауа, Шайқұрық және Бурыл станциялары арасында жолдан тайған.

Жамбыл облысы ТЖ жөніндегі департаменті жедел қызметі кезекшісінің хабарлауынша: 
«Күкірт қышқылы тиелген цистерналар шетке қисайып кеткен. Цистернаның бірінен аздаған күкірт қышқылы төгiлдi. Жапа шеккендер жоқ. Апат орын алған жерде залалсыздандыру жұмысы жүргізілген».

Залалсыздандыру жұмысына облыстық тиісті құрылымдардың 200 маманы және онға жуық техника жұмылдырылған. Бұл туралы Қазақпарат хабарлап отыр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ