Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Астана» велокомандасының спортшысы Андреа Гуардини үздіктер қатарында

AstanaTV
20.02.2015ж. 13:00
845
«Астана» велокомандасының спортшысы Андреа Гуардини үздіктер қатарында

Спорт тақырыбы ... Минск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты жалғасуда.  Жекелей жарыста сынға түскен Қазақстан спортшысы Галина Вишневская қола жүлдеге қол жеткізді. Нысана көздеу барысында бір мәрте мүлт кеткен отандасымыз жеңімпазға 30 секундқа ұтылды.

Вело спорттан «Оман» турының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Аль Муссанах елді мекенінің аумағында өткен жарыста Норвегия спортшысы Александр Кристофф жеңіске жетті. 158 шақырымнан тұратын жарыс жолын «Катюша» командасының өкілі 3 сағат 56 минутта бағындырды.

Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен «Астана» клубының спринтірі Андреа Гуардини екінші орынды қанағат тұтса, үшінші сатыны италиялық Маттео Пелукки еншіледі. Қазақстандық команданың қалған спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады.

Жалпы есепте көш басшы өзгерген жоқ. Үш кезеңнен кейін Швейцария спортшысы Фабиан Канчелара жарыс лидерінің қызыл жейдесін сақтап қалды. «Астана» командасы спортшыларының арасынан Андрей Гривко алғашқы он мықтының қатарында. Көш басшыдан 8 секундқа қалып тұрған қазақстандық ұжымның өкілі 8-ші орынға табан тіреді.

Рио де Жанейрода теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Дәрежелі жарыстың бас жүлдесінен дәмелі Испания спортшысы Рафаэль Надаль екінші кезеңде отандасы Пабло Каррено Бустамен кортқа шықты.

Бірінші сет тартысты өтті. Кездесуді ширақ бастаған Буста ұпай санын арттырып, жеңіске бір табан жақын тұрды. Дегенмен, тез жиналған Надаль қарсыласының ойлағаныни іскем асырмай, 7-5 есебімен алға шықты.

Үзілістен кейін де алған бетінен қайтпаған Рафаэль Надаль бірқалыпты өнер көрсетті. Өз кезегінде жиі қателесіп, тәжірбиелі қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Пабло Каррено Буста аяғы жеңілісін мойындады.

Қортынды есеп 7-5, 6-3. Аталған жарыстың жеңімпазы 22-ші ақпан күні белгілі болады.

Самат ҚАНАҒАТОВ