$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Отыз жылдан кейін иесін тапқан орден

AstanaTV
23.02.2015ж. 10:00
1428
Отыз жылдан кейін иесін тапқан орден

Отыз жылдан кейін иесін тапқан орден. Алматыда, Жоғары дәрежелі төсбелгі, Тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс Министрі, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің отбасына табысталды.

Екінші дәрежелі Отан Соғысының ордені, Сағадат Нұрмағамбетовке 30 жылдан соң бұйырып отыр. Тарихи тұлға осы төсбелгіге, 1985-жылы ұсынылған екен. Алайда марапат иесіне жетпеді.

Тек, Алматыдағы Қарулы күштер ардагерлері, Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мұрағатына сұраныс жолдап, нәтижесінде орден өз иесін тауып отыр. Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен батылдығы мен табандылығын айқындайтын орден Сағадат Нұрмағамбетовтың балаларына табысталды.

Салтанатты шараға Халық қаһарманы, армия генералының балаларынан бөлек, немерелері мен шөбелері де келді.

Талғат Нұрмағамбетов, Сағадат Нұрмағамбетовтың ұлы:

Соғыстың аяқталғанынан 70 жылдан кейін, Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында орденін алды. Бірақ, өкінішке орай осы сәтті көре алмай кетті. Өзі өмірден озса да, төс белгісін бүгін туыстарына табыстап жатыр. Өте қуаныштымыз осыншама халық жиналып елеп-ескеріп, ерлігін ұлықтап жатқанына.

Дмитрий Игнатьев, Алматы қаласындағы РФ Бас консулының орынбасары:

Мен тағы да айтып кеткім келеді, бұл бюракратиялықтың кесірінен емес, бұл сұрапыл соғыс жылдарындағы келеңсіздіктерге байланысты. Ерлігі үшін берілген төсбелгілер өз иесін таппай жатқан жағдайлар жетерлік. Менің өзім Қазақстанда қаншама рет иесін кеш тапқан медаль-ордендерді табыстадым. Бірақ, қан майданда өлшеусіз ерлік жасаған батырлардың еңбектері ешқашан ескерусіз қалмайды. Біз бұл жұмыстарды жалғастырамыз болашақта.

Берік ХАСЕНОВ