Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Солтүстік Қазақстан облысында соғысқа 11 жасында аттанған ардагерге арнайы арба сыйға тартылды

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
1285
Солтүстік Қазақстан облысында соғысқа 11 жасында аттанған ардагерге арнайы арба сыйға тартылды

Солтүстік Қазақстан облысынан соғысқа жастай аттанған майдангерге, теміржолшылар Жеңістің 70 жылдығына орай, мүгедектерге арналған арба сыйлады. Ардагер Иван Пилепеевтің айтуынша, ол сұм соғысқа 11 жасынан араласыпты. Жастайынан жетім қалған Иван 1941 жылы балалар үйінен қашып, жүк пойызына жасырынып мініп, майданға өз бетінше аттанған. Пойызда оны сарбаздар байқап, ержүректігі үшін әскери жасақ қатарына қабылдаған. Бойы аласа болғаннан кейін, арнайы киім де тігілді деп еске алады қария.

Иван Пилепеев үшін нағыз соғыс Курск шайқасынан басталыпты. Бұдан аман-есен өткен ол, Будапешт төңірегінде жаралы болады. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соң, жас майдангер темір жолда қызмет еткен. Артынша отау құрған. Соңғы жылдары майдандағы ауруы асқынып, қарияның аяғы жансыздана бастаған.

Иван Пилипеева, Отан соғысының ардагері:

Первомай елді мекенінде барлау операциясына да қатысып көрдім. Жас болғаннан кейін ешкім мән бермейді ғой. Осылайша полк баласынан кәдімгі жауынгерге айналдым. Бірақ, Венгрияда бастан жарақат алып, соның әсерінен арыла алмай келемін. Далаға шықпағаныма 2,5 жыл болды. Мүгедектерге арналған арба қазір маған нағыз керек нәрсе еді.

Абзал ҚҰРМАНКИН