$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Лаңкестер Америкаға тағы да қауіп төндіріп отыр

AstanaTV
23.02.2015ж. 10:00
690
 Лаңкестер Америкаға тағы да қауіп төндіріп отыр

Сомали  лаңкестері Америкаға террористік әрекеттермен қауіп төндіріп отыр және халыққа сақ болу керек. АҚШ Ішкі қауіпсіздігінің хатшысы Джех Джонсон осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс.

«Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы ғаламтор арқылы Америка, Канада және Ұлыбританияға «сауда орталықтарын жарамыз»,- деген ескертулерін жіберген. Оның айтуынша, лаңкестер қазір террористік әрекет жасауы үшін сол елге арнайы бармайды.

Олардың орындаушылары бар. Батыста тұратын олардың адамдары, жарылысты ұйымдастырады. Қазір қауіпсіздік шаралары әсіресе, сомалилықтар көп шоғырланған Миннесота штатындағы ірі сауда үйлерінде күшейтілген.

 Джех Джонсон,  АҚШ Ішкі қауіпсіздік хатшысы:

Лаңкестік топ нақты бір жерге шабуыл жасауға шақырса, біз ол қауіпті шын қабылдап, әрекет етуге мәжбүрміз. Сауда үйлерінде қауіпсіздік күшейтіледі. Бірақ бізге тұрғындардың да сақ болғаны өте қажет.

Айгүл ӘДІПБАЙ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах