$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Атыраулықтар қыспен қоштасты

AstanaTV
23.02.2015ж. 10:00
1094
Атыраулықтар қыспен қоштасты

Атыраулықтар қыспен қоштасуға арналған масленица мерекесін атап өтті. Славян халықтарының ұлттық мерекесінің шығыстың Наурыз мерекесіне ұқсастығы бар. Қаһарлы қысты артқа тастап, шуақты көктемге қош келдің айтып, бір-бірін құттықтап, ұлттық дәстүрін паш етеді.

Қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінің ауласына халық көп жиналды. Олар Көліктер қауымдастығы ұйытқы болған мерекені тамашалады. 2011 жылы құрылған қауымдастықтың  құрамында 100-ден аса адам бар. Олардың барлығы түрлі ұлт өкілдері.

Соған қарамастан еліміздегі барлық ұлттық мерекелерді өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған. Әрине, ән де ойын да, тіпті
, бұл тойдың басты тағамы құймақ та осында. Шараны тамашалауға келгендер құймақтан дәм татып, самаурында қайнаған шәй ішті.

Біз масленица мерекесін көпшіліктің арасында тойлауды шештік. Біз бүгін қысты шығарып саламыз. Ойын ойнап, ән саламыз. Көңіл күйіміз өте жақсы. Барша халықты мерекемен құттықтаймын. Елімізде тыныштық болсын.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ