$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Әзірбайжанда девальвация орын алды

AstanaTV
23.02.2015ж. 10:00
1125
Әзірбайжанда девальвация орын алды

Әзірбайжан Орталық банкі ұлттық валютаның доллар, еуро және рубльге қатысты бағамын күрт түсіріп жіберді. Енді бір доллар 1 манат 5 гипяк, ал 1 еуро 1 манат 19 гипяк тұрады. Ал Ресей ақшасының 20-шы ақпандағы көрсіткіші 83,3 рубль болса, 21-інен бастап 1 манат 58,8 рубльді құрады.

Бұл туралы Орталық банктің ресми сайтында хабарланды. Ақпанның 20-да ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 0,78 манат деңгейінде болған еді. Яғни, бір тәулік ішінде Әзірбайжан ақшасы долларға қатысты 33,5 пайызға арзандап кетті.

«Бұл шара экономиканы әртараптандырып, оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында жасалған делінген» Орталық банк хабарламасында. Бұған дейін Әзірбайжан Орталық банкінің төрағасы Эльман Рустамов манаттың девальвациясы халықтың жағдайына қарай баяу жүргізіледі деген болатын.

Дегенмен, ұлттық валютаның құнсызданатынын ел билігі жыл басынан бастап ескерте бастады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ