Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан мен Белоруссия Ресейден жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің жұмысын бастауды кейінге қалдыруды сұрап отыр

AstanaTV
23.02.2015ж. 10:00
847
Қазақстан мен Белоруссия Ресейден жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің жұмысын бастауды кейінге қалдыруды сұрап отыр

Қазақстан мен Белоруссия Ресейден жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің жұмысын бастауды кейінге шегеруді сұрады. Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек, Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу министрі Валерий Корешковке ресми хат жолдап, апатты жағдайда шұғыл әрекет ету жүйесін енгізуді екі жылға кейінге қалдыру туралы ұсыныс білдірген.

Яғни
, 2017 жылдың бірінші қаңтарына дейін шегеруді сұрады - деп хабарлайды Қазтаг. Агентіктің ақпаратына сүйенсек, Ресейдегі ЭРА-ГЛОНАСС, Қазақстандағы ЭВАК және Белоруссиядағы ЭРА-РБ аталатын жүйелер бірдей іске қосылуы керек еді. Алайда қажетті инфрақұрылым бізде жасалып үлгермеген - ді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ