$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Заңгер: «Аузында алтын тісі барлар енді шетелге шықпауы мүмкін» деген ақпар негізсіз

AstanaTV
23.02.2015ж. 20:00
1037
Заңгер: «Аузында алтын тісі барлар енді шетелге шықпауы мүмкін» деген ақпар негізсіз

«Аузында алтын тісі барлар енді шетелге шықпауы мүмкін». Мұндай ақпаратты «Мегаполис» басылымы, Инвестиция және даму министрлігіне сілтеме жасап, таратты. Енді құрамында алтыны бар шикізат бұйымдарын сыртқа шығаруға тиым салынбақ. Олардың қатарына адамдардың тістеріне қапталған алтын да кіреді. Өйткені ол да шикізатқа жатады.

Басылымдағы мақалада, шенеуніктер мұндай шектеуді елімізде алтын өңдейтін зауыттардың жұмысының тоқырауымен байланыстырып отырғаны, айтылған. Мұндай тиымның Кеден одағы елдеріне қатысы жоқ екені де ескертіледі.

Алайда танымал заңгер Жангелді Сүлейманов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып отыр. «Ақпаратты тарату барысында БАҚ өкілдері тақырыпқа үстірт мән берген», - дейді ол. 

Жангелді Сүлейманов, заңгер:

«Бағалы бұйымдар мен бағалы тастар туралы» Заң Парламент қарауында жатыр. 2014 жылдың шілдесінде Үкіметтің №606 қаулысы бойынша сыртқа шығаруға тиым салынған бағалы металдардың бірегей тізімі жарияланған. Онда елдің аузындағы алтындар мен таққан зергерлік бұйымдарын шетелге шығаруға тиым салынады деген нақты түсінік жоқ. Тек отандық зауыттарда өңдеуге керекті шикізаттарға тосқауыл қою үшін, қолға алынған шектеулер туралы қаулы бар.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ