$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қызылжарда классикалық гимназияға халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің аты берілді

AstanaTV
23.02.2015ж. 20:00
3110
Қызылжарда классикалық гимназияға халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің аты берілді

Қызылжарда қалалық классикалық гимназияға халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің аты берілді. Зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен мектеп қабырғасына жазушының аты жазылған мемориалдық тақта салтанатты түрде ілінді.

Салтанатты шараға дара тұлғаның туыстары мен балалары қатысты. Мектепке дарын иесінің аты берілгені кездейсоқ емес. Жазушының аталған білім ордасының ашылуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Тоқырау заманында қазақ мектеп-гимназиясының құрылысы тоқтап қалып, Сафуан Шаймерденов сол кездегі Қазақстанның премьер-министрі Сергей Терещенкоға жолығады. Артынша ел қазынасынан қосымша қаржы бөлініп, 1996 жылы Қызылжарда алғашқы қазақ мектептерінің бірі болып классикалық гимназияның есігі айқара ашылды.

Қазір мұнда 553 оқушы бар. Таяуда мектепке инновациялық білім беру жүйесі енгізілді. Айта кетейік, Сафуан Шаймерденов 2007 жылдың 23 ақпанында дүниеден озды.

Сайын Шаймерден, Сафуан Шаймерденовтің ұлы:

Адам жүрегі тоқтағанда өлмейді, ол ұмытылғанда өледі дейді. Енді, мысалы, Сафуан Шаймерденовтың атындағы мектепті жыл сайын қанша бала бітіреді. Енді осы мектептің табалдырығын аттаған әрбір оқушы, бұл Сафуан Шаймерденов кім екен деп, ең болмаса, ізденеді ғой. Ал ондай ізденістің арғы жағы Сафекеннің әрқайсысымызға үлгі болатын өнеріне, азаматтық позициясында тұр. 

Абзал ҚҰРМАНКИН