Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Православтар масленица мерекесін тойлады

AstanaTV
23.02.2015ж. 20:00
1289
Православтар масленица мерекесін тойлады

Демалыс күндері Православ дінінің өкілдері қысты шығарып салу рәсімін атап өтті. Өскемендіктер де бұл мейрамды лайықты қарсы алды. Мерекені тойлауға келгендердің барлығы ыстық құймақтан дәм татты. Әдетте масленицаға бір апта қалғанда, қызу дайындық басталады. Православтарда, егер құймаққа тоймасаң, қыс ұзақ уақыт кетпейді деген ырым бар.

Осынау мерекеде адамдар бір-біріне деген өкпе-назын кешіріп, жақсы тілектер тілейді. Бұл күндері қала орталығында қыс мезгілін сомдайтын қуыршақ бейнесі өртелді. Масленицадан кейін православтардың тағы бір діни рәсімі басталып, пасхаға дейін жалғасады.

Масленица кезінде буы бұрқырай қайнаған самауыр дастархан шырайын келтіретіні белгілі. Осыған орай Өскеменде самауырлар көрмесі өтті.

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Вера Сухорукова бұл көрмеге 50-ден астам жәдігер қойған. Самауырлардың иесі - өзі де баптап шай ішкенді ұнататынын жасырмады. Ыдыстың бұл түрін алғаш рет туған бауырынан сыйлық ретінде алған екен.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА