Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскеменде әр елден әкелінген көшеттер отырғызылды

AstanaTV
20.04.2015ж. 10:00
1037
Өскеменде әр елден әкелінген көшеттер отырғызылды

Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясына, қайырымды 20 іс акциясы аясында ағаштар отырғызылды. Шараға қаладағы этномәдени орталық өкілдері, КазЦинк-Торпедо ойыншылары, студенттер мен мектеп оқушылары бір кісідей ат салысты. Түрлі этностардың өкілдері, жүзге жуық көшетті Сібір, Армения, Әзербайжан, Беларусь және Украина елдерінен, яғни тарихи отандарынан арнайы әкеліпті.

Дегенмен басым бөлігі жергілікті бағбандардың өсірген көшеттері. Шараға қатысқандар, этноауылдың қасынан бой түзеген, аллея халықтар достығын нығайтуға сеп болмақ, -дейді. Бүгінде өңірде 105-тен аса ұлттың өкілдері бар. Олар әр елден әкелінген қайың, балқарағай, қарағай, шырша бейбітшілік пен келісімнің, татулық пен достықтың символы болатынына сенеді. Ұйымдастырушылар, бұл жер келесі жылы қалалықтардың бірегей демалыс орындарының біріне айналатынына сенеді.

Гүлбарам Етікбаева:

Бұл ертең болашақ ұрпағымыз үшін керек. Сондықтан барлық ұлттар мен ұлыстармен береке-бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүріп жатқанымызды бүгінгі жастарымызға қуанышпен айтуға болады. Алға Қазақстан, Қазақстан жасай берсін! Барлық халытар мен ұлыстармен береке бірлікте өмір сүруді Алла-тағала нәсіп етсін!

Тоғжан ОСПАНБАЕВА