$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шетелдегі 110,1 млн теңгеге үш нысан заңдастырылған

AstanaTV
24.02.2015ж. 10:00
905
Шетелдегі 110,1 млн теңгеге үш нысан заңдастырылған

Елімізде бүгінге дейін, жалпы құны 110 миллион теңгеден асатын шетелдердегі 3 нысан заңдастырылыпты. Қаржы министрлігінің мәліметіне сай, олардың қарауына Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті заңдастыру бойынша 6 өтініш келіп түскен.

Ал, жалпы сомасы 216 миллион теңгеге жуықтайды. Ел ішіндегі мүлікті тіркеу бойынша, жергілікті атқарушы органдарға құны 181 миллиард 700 миллион теңге болатын 22 мыңға жуық өтініш қабылданған.

Заңдастырылған ақша бойынша, Ұлттық банктің таратқан ақпаратына сәйкес, екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 10 млрд 700 миллион теңге ақшаны заңдастыру үшін 67 жинақ есепшотын ашқан. Бұл деректер үстіміздегі жылдың 20-ншы ақпанына дейін тіркелген.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ