$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Үкімет ықшамдалған мемлекет бюджетінің жобасын депутаттарға таныстырды

AstanaTV
24.02.2015ж. 10:00
806
Үкімет ықшамдалған мемлекет бюджетінің жобасын депутаттарға таныстырды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2015-17 жылдарға арналған ықшамдалған республикалық бюджет жобасы Парламент мәжілісінде таныстырылды. Президент үкімет пен заң шығарушы органға 6 бағыт бойынша нақты тапсырма жүктеген еді.

Олар негізінен «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар мен жаппай үнемдеу шараларына бағытталған. Халық қалаулылары мемлекеттік бюджет елбасы тапсырмасына сәйкес 10 пайызға қысқарады, бірақ мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері сол қалпында қалады,- деді.

Нұрғали Әшім, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Үкімет шұғыл шаралар қабылдау мақсатында 250 млрд теңге көлеміндегі резерв құру керек. 2015 жылға арналған бюджетті 10 пайыз немесе 700 млрд теңгеге қысқарту қажет. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелер қысқартылмайды, өте маңызды нәрсе.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ