$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Павлодарлық өлкенатушылар президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді қолдайды

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
1157
Павлодарлық өлкенатушылар президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді қолдайды

Керекулік өлкетанушылар да Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді бір ауыздан қолдайды. «Әсіресе, әлемнің алпауыт мемлекеттерін қыспаққа алған дағдарыс кезеңінде, бұл саяси процессті алдын-ала өткізу - ел экономикасы үшін тиімді»,-деп санайды тарихты зертеушілер.

Павлодар 
 еліміздің өндірісті орталығы. Бүгінде өңір Қазақстанның жан-жақты дамуына қомақты үлес қосуда. Аймақта экономиканың басты бағыттары   электр энергиясы, көмір, қара және түрлі-түсті металл өндіру саласы қарқын алған. Соңғы жылдары қайта өңдеу ісі жанданып, халықтың әлеуметтік ахуалы оңалды.

Өлкетанушылардың пікірінше, Президент сайлауының мерзімінен бұрын өткізілуінің 
 Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға еш әсері жоқ. Қайта, бұл саяси оқиға мемлекетімізде орнаған ауызбіршілік пен татулықтың үлгісін әлемге тағы бір мәрте паш етуге мүмкіндік бермек.

Гүлжайнат Әлиева, Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы басшысының орынбасары:

Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуі, экономикалық және әлеуметтік салалары ҚР Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың дана саясатымен тығыз байланысты. Сондықтан, ҚР Президентін мерзімінен тыс сайлауды өткізуді өте орынды деп санайды.

А. МҰХИТОВА