$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Қостанайлық ғалымдар президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
1092
Қостанайлық ғалымдар президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды

Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткiзу бастамасына толықтай қосылады. Аймақтағы ғылым саласының өкілдері, «кемелді елдің келешегі үшін тиісті шешім қабылдау өте маңызды»,-дейді.

Әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстан, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді.
Тек, Қостанайдағы аталған жоғарғы оқу орны өткен жылы инновациялық және қуат көзін үнемдеу технологиясы мен ауыл шаруашылық саласы бойынша 45 ғылыми жоба әзірлеген.

Биыл 14 жоба ұсынылып, Үкімет тарапынан 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініпті. 
«Осындай игі-шараларды жалғастырып, дер кезінде жүзеге асыру үшін, президент сайлауын өткізу өте маңызды»,- дейді қостанайлық ғалымдар.

Қалқаман Жақып, ҚХА,Ғылыми-сараптама тобының мүшесі:

Қоғамның талабына байланысты, әлемнің жаңағы әр түрлі толқындарына байланысты біз дер кезінде президентті сайлап алсақ, онда қалған мәселені шешуге уақыт та болады, қалған жағдайымызды жасауға мүмкіндік те болады деген ойымды айтар ем.

Заңғар САНАЙ



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах